Димаш аңыз әншімен дуэт жазбақ

14 мая, 13:20
0 1

 Димаш Құдайберген әлемдік музыкадағы аңыз адамен дуэт жазып жатқанын хабарлады. Әнші бұл жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Алайда, Димаш дуэт айтатын тұлғаның есімін атамаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген тыңдармандарын шығармашылығында болып жатқан жаңалығымен қуантып қойды. Ол атақты әншімен бірге дуэт жазып жатқанын жеткізген.

"Әлемдік музыкадағы аңыз адаммен дуэт дайындап жатырмыз. Бұл адамның "World music awards" байқауындағы жеңісі, ән айту шеберлігі мен асқан энергетикасы әлемдегі миллиондаған адамды оған ғашық етті. Кім туралы айтып жатқанымды кейінірек білетін боласыздар" , - деп жазды Димаш.
Сүйікті әншісінен қуанышты хабар естіген желі қолданушылары енді жаңа әнді тағатсыздана күтетінін жазуда.

Ал кейбірі Димаштың меңзеп тұрған әншісі Андреа Бочелли деп болжады.

KAZ.NUR.KZ.