"Нокаут керек деді": "Канело" Ковалевті қалай жеңгенін айтып берді

04 ноября, 18:10
0 1

WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы жаңа әлем чемпионы Сауль Альварес ресейлік Сергей Ковалевпен болған жекпе-жектің ұзаққа созылатынын күтпеген деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Маған шыдамдылық қажет болды. Жекпе-жек біз ойлағаннан ұзаққа созылды. 11-ші раундта бапкер Эдди Рейносо нокаут керек деген нақты нұсқау берді. Жекпе-жек қиын болды. Соққыларымды оның денесіне дарыту өте қиынға соқты, сол себепті түрлі тактикаларды қолданып көрдік", – дейді Альварес.
Еске сала кетейік, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жектің 11-ші раундында мексикалық Ковалевты нокаутқа түсірді.

Осылайша, 29 жастағы Сауль Альварес кәсіпқой мансабында 53-ші жеңісіне қол жеткізіп, төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ ол WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартуға ниетті екені мәлім болды.