"Көреміз": Ковалевты жеңген "Канело" Головкинмен жекпе-жек жөнінде мәлімдеді

03 ноября, 14:39
0 1

WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы жаңа әлем чемпионы Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) Сергей Ковалевпен (34-4-1, 29 КО) өткізген жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін мәлімдеме жасады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Өз мәлімдемесінде ол Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігін атап өтті.

"Осында келіп, маған қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет. Сіздерді әрдайым сабырлы болуға шақырамын, өйткені "Канело" – бұл кепілдік! Головкинмен жекпе-жек? Мен бұдан бұрын айтқанмын, ол мен үшін үлкен сын болып табылмайды, бірақ бизнес тұрғысынан қызықты болуы мүмкін. Көреміз", – деді Альварес.

Еске сала кетейік, 11-ші раундта Альварес Ковалевты нокаутқа түсіріп, WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы жаңа әлем чемпионы атанды.

Осылайша, мексикалық төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанып отыр.