Абель Санчес Головкиннің соңғы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

08 октября, 16:20
0 1

Геннадий Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчес украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткен жекпе-жек туралы пікір білдірді. Бұл туралы prosports.kz хабарлады.

«Біз әр қарсыласқа жеке дайындалатын едік. Тоғыз жыл жеңісті дамудан кейін жаттығуды өзгертіп, нәтиженің өзгермеуін күту - мүмкін емес. Біздің жүйе нәтиже беретін. Мұны өзгерту қиын. Мен жұмыс істеген әрбір боксшыға әр түрлі мәнерді енгізуге тырыстым», - деді Абель Санчес.

Айта кетейік, биыл көктемде Головкин бірнеше жыл бірге жұмыс істеген бапкері Абель Санчеспен қоштасқан болатын.

Вaq.kz