Головкин Деревянченко жекпе-жегінің соққылар көрсеткіші жарияланды

07 октября, 09:58
0 1

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы жекпе-жектегі соққылар статистикасы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қос боксшы арасындағы кездесу Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтті. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті.

Алайда CompuBox статистикасына сәйкес, Сергей Деревянченко қарсыласына қарсы 738 соққы жасапты. Головкиннің көрсеткіші – 720. Бірақ қазақстандық боксшы 243 соққысын ( 50-і денеге тиген) қарсыласына дөп тигізген. Деревянченконың көрсеткіші – 230 (оның 22 соққысы денеге тиген). Ал соққылардың процен

Жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді. Кездесу 115-112, 115-112, 114-113 есебімен аяқталып, Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атанды.