Головкин жанкүйерлеріне үндеу жолдады

06 октября, 16:55
0 1

Қазақстандық боксшы Генадий Головкин украиналық Сергей Деревянченконы жеңгеннен кейін өзінің жанкүйерлеріне үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Қолдау көрсеткен барлықтарыңызға рақмет. Аренада болған, экранның ар жағынан демеу болған барша жанға алғысымды айтамын. Сіздер үздіксіздер", - деді Головкин.
Еске сала кетсек, бүгін Генадий Головкин украиналық Сергей Деревянченконы жұдырықтасты.

Жекпе-жек он екі раундқа созылды. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде, Головкин IBF және IBO нұсқасы бойынша чемпион атанды.