"Егер жеңсем...". Головкин Деревянченкомен жекпе-жектен кейінгі жоспарын ашық айтты

02 октября, 11:05
0 1

Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жектен кейін орта салмақта IBF және IBO белбеулерін жеңіп алған жағдайда титулдар біріктіретін кездесу өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Нью-Йорктен.

Қазақстандықтың сөзінше, оның болашаққа жоспарлары үлкен.

- Бұл жекпе-жекте жеңген жағдайда сізде екі титул болады. Андрадемен белбеулер біріктірілетін кездесу өткізесіз бе, әлде Смит немесе Сондерс дивизионына ауысасыз ба?

- Қазір назарым толықтай Деревянченкомен жекпе-жекте. Егер жеңсем, титулдар біріктірілетін жекпе-жектер, аты шыққан боксшылармен жұдырықтасқанды қалаймын. Көп нәрсе қалаймын. Мен үшін ең мықты болатындармен кездесуге дайынмын.