WBA соңынан WBC Головкинді ТОП-15 рейтингінен шығарып тастады

09 сентября, 18:29
0 1

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) тамыз айының жаңартылған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Мұнда орта салмақ тізімінде бірінші болған қазақстандық Геннадий Головкин ТОП-15 рейтингінен шығып қалған. Сонымен қоса, төртінші тұрған GGG-дің келесі қарсыласы украинылық Сергей Деревянченко үздік он бестікте жоқ.

Бұл салмақта әлем чемпионы Джермалл Чарло, ал мексикалық Сауль "Канело" Альварес Franchise тіркесімен чемпион болып қалды.

Есесіне ТОП-15 тізімге қазақстандық Батыр Жүкембаев, бірінші орта салмақта ол бұрын 16-шы еді, қазір он төртінші орында.

Еске салайық, мұның алдында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Геннадий Головкинді ТОП-15 тізімнен алып тастап, бірінші аур салмақта Бейбіт Шүменовты әлем чемпионы еткен болатын.

 kaz.vesti.kz