Садриддин Ахмедов «әлем чемпионы» атағына таласуы мүмкін

06 сентября, 20:32
0 1

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов 25 қазан күні өтетін жекпе-жегі туралы өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Ахмедовтың жекпе-жегі туралы, қарсыласының әлі белгісіз екенін бұдан бұрын да жазғанбыз. Садриддин Ахмедов осы жолғы жекпе-жегінің «әлем чемпионы» атағы үшін болатынын меңзегендей.

«Ассалаумағалейкум, баршаңызға! Алла қаласа, 25-қазанда Квебек қаласында өзімнің 10- жекпе жегімді өткіземін. Алда (big drama show) күтіңіздер, өте қызықты, тартысты жекпе-жек өткізетін боламын. Бұл жекпе-жек белбеу үшін, яғни әлем чемпиондығына талас болуы әбден мүмкін. Бірақ әлі қандай тұжырым бойынша екені белгісіз. Әрине, әуелі Алла және қазақ елінің батасы мен дұғасы жеңіске деген құштарлығымды оятып, жеңісіме үлкен үлесін қосатын болады, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!», деп жазады Ахмедов.

kaz.caravan.kz