"Тұтқындау керек": Төрешілердің Головкинді жығып бергені жайлы айғақ шықты

02 сентября, 09:29
0 1

Америкалық тележүргізуші Бобби Панахи қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің нәтижесіне тағы да наразылық білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ермахан Ибрайымов: Головкин енді еш уақытта Альвареспен кездеспеу керек

Атап айтқанда, сарапшы екінші жекпе-жектің соңында Головкин үстем болғанына қарамастан, төрешілер жеңісті "Канелоға" бергенін еске түсірді.

"Мен рематчтың 12-раундын қайта көріп шықтым. Жеңісті "Канелоға" берген екі төрешіні тұтқындау керек. Олар "Канело" қарсыласының басына соққы жасағанда ұпай берген, бірақ соққы GGG-дің қолғабына тиген", - дейді Панахи.

Екінші жекпе-жек төрешілердің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды. Алғашқы жекпе-жекте боксшылар тең түскен болатын.

 Sputnik