"Енді Альваресті тонау қалды". Бұрынғы әлем чемпионы Ковалевтің нокаутпен жеңісі жайлы

26 августа, 11:10
0 1

Бұрынғы әлем чемпионы Андре Уорд ресейлік Сергей Ковалевтің жартылай ауыр салмақта WBO титулы үшін жекпе-жекте Энтони Ярдты жеңгеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

Амеркиалықтың ойынша, британиялық боксшыға кКовалевті жеңу үшін бірнеше соққы ғана жетпеді.

"Ковалевті жеңу үшін Ярдқа екі-үш соққы жетпей қалды. Ол жұдырықтаса біледі, оған дайындық бағдарламасына түзетулер енгізу қажет. Ал Ковалев күші сарқылмиағанын дәлелдеді, алайда, енді оған "Канелоны" тонау керек. Енді ресейлік үшін әрбір жекпе-жек ауыр болады", - деп жазыпты Уорд твиттер желісінде.

Еске салайық, Ковалев 11 раундта Ярдты нокаутқа түсірді. Бұл 36 жастағы ресейлік үшін 38 жекпе-жегіндегі 34-ші жеңісі.