Головкиннің қарсыласы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

22 августа, 11:52
0 1

Геннадий Головкиннің қарсыласы, украин боксшысы Сергей Деревянченко 5 қазанда Нью-Йоркте өтетін жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған sputnik.

"Командамның орташа салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасуға мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Головкинді қатты құрметтеймін, рингте оған қарсы тұра алатынымды дәлелдеп, әлем чемпионы атанып, арманыма жетсем деймін. Madison Square Garden аренасында DAZN кездесуін көруге келген барша жұрт айшықты жекпе-жектің куәсі болады. Рингке шыққанша асықпын!" – деді Деревянченко.

Еске сала кетсек, Головкин — Деревянченко жекпе-жегінің жеңімпазы IBF бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы титулына ие болмақ.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Instagram парақшасында Сергей Деревянченкоға қарсы кездесуі 5 қазанда өтетінін хабарлаған еді.

"Екінші үйім деп санайтын @thegarden рингіне қайта оралатыныма қуаныштымын. Бесінші қазанда жақсы жекпе-жек болады. Madison Square Garden мен DAZN-ғаа Big Drama Show-ды қайтарамыз", - деп жазды боксшы постында.