Головкин-Деревянченко жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

22 августа, 09:28
0 1

Қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченконың жекпе-жегі 5 қазанда Madison Square Garden аренасында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Боксшылар орта салмақтағы IBF титулына таласады.

"Өзімнің екінші үйімдей болып кеткен MSG рингіне оралуға қуаныштымын. 5 қазанда жақсы жекпе-жек өтеді. Madison Square Garden мен DAZN-ға Big Drama Show-ды қайтарамыз. Нью-Йоркте кездескенше!", - деп жазды Головкин Instagram желісіндегі парақшасында.