"Мен 10 секундта 2 миллион жасаймын?". Мейвезер Пакьяомен қарымта бойынша не өзгергенін айтты

21 августа, 18:07
0 1

Белгілі америкалық бокс ардагері Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) Сауд Арабиясына аттанып, филиппиндік Мэнни Пакьяомен (62-7-2, 39 КО) қарымта бойынша келіссөздер жүргіземіз деген 10 секундты видео жариялаған. Амеркиалықтың сөзінше, осы бейнетаспа үшін оған 2 миллион доллардан астам қаржы төленген. Бұл туралы vRINGe.com хабарлап отыр.

"Мейвезер-Пакьяо қарымтасы туралы видеоны мен 8 айбұрын жазғанмын. Ол үшін маған 2,2 миллион АҚШ долларын төледі. Бірақ шындығында қарымта болмайды. Ал енді осы видеодан түскен ақшаны есепке алсақ, арамызда кім зерек екені түсінікті шығар? Мұнда ең ақылды кім? Жігіттер, мен 10 секундты роликтен де қыруар қаржы жасаймын", - дейді Мейвезер әлеуметтік желі арқылы.

Пакьяо өз кезегінде әлеуметтік желіде болған жанжалды еске түсіріп, америкалыққа жауап берді: "Флойд қайтадан менің атымды пайдаланып, өзіне аз да болсын назар салғанын қалауда".

Еске салайық, Мейвезер мен Пакьяо 2015 жылы мамырда Лас-Вегаста жұдырықтасып, америкалық ұпай санымен жеңген. Бұл жекпе-жек бірнеше қаржылық рекорд орнатты (гонорарлар, PPV, демеушілік төлемдер).

Жекпе-жектен кейін Пакьяо жарақатына шағымданып, қарымта сұраған. Алайда Флойд бұған филиппиндік боксшы "жеңілгенін мойындамай, өзін ақтап алуға тырысуда" деп жауап берген. 

kaz.vesti.kz