"Канело" чемпиондық титулынан айырылғаннан кейін келесі қарсыласын таңдады

08 августа, 14:00
0 1

Екі салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегі бойынша бір шешімге келген сияқты.

Рингке Альварес 14 қыркүйекте оралып, қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізеді деп күтілген еді. Алайда мексикалық GGG-мен қайта жұдырықтасудан бас тартты.

Альварес қыркүйектегі жекпе-жегіне жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен (33-3-1, 28 KO) жұдырықтасу бойынша келіссөздер бастаған, дегенмен, тараптар келісе алмады. Осылайша, ресейлік 24 тамызда міндетті қарсылас Энтони Ярдпен (18-0, 17 КО) жұдырықтасады, ал мексикалық рингке оралуын жыл соңына шегеріп тастады.

Инсайдер Лэнс Пайгмайердің (The Athletic) ақпаратынша, Альварес әлі де Ковалевпен жұдырықтасуға ниетті. Мексикалық оның Ярдпен жекпе-жегінің өтуін күтпек. Ресейлік таза жеңіске жетсе, "Канело" онымен қарашада жұдырықтаса алады, ал жекпе-жек DAZN платформасында таратылады.

Айта кетейік, "Канелоға" қарсылас ретінде Ковалевті де, Головкинді де DAZN мақұлдаған. Бірақ мексикалық Головкинді жақтырмайтындықтан онымен қайта кездескісі келмейді - 2017 қыркүйекте боксшылар тең түскен, ал бір жыл өте Альварес төрешілер шешімімен жеңді. 

kaz.vesti.kz