Головкин Альварестің үшінші жекпе-жектен бас тартуына қатысты алғаш рет пікір білдірді

03 августа, 22:25
0 1

Казақстандық боксшы Геннадий Головкин алғаш рет Сауль Альварестің онымен үшінші жекпе-жекке шығудан бас тартқанына қатысты пікір білдіріп, қайта кездесу мүмкіндігіне баға берді деп хабарлайды Spotrs.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Кім білсін. Оның өзінен сұраңыз. Мен дайынмын", - деп қысқаша жауап берді Головкин журналистердің мексикалық боксшымен үшінші кездесуі туралы сұрағына.
Бұдан толық пікірді GGG Promotions басқарушы директоры Том Леффлер ұсынды. Ол Головкин үшінші кездесуге дайын екенін, бірақ оны күте алмайтынын және басқа қарсыластарды таңдайтынын атап өтті.

"DAZN-мен келісім-шартқа отыру - бұл жекпе-жекті ұйымдастырудың ең жылдам тәсілі еді. Геннадий 14 қыркүйекте кездесуге шығамын деп ойлады, алайда оған алға жылжу керек.
GGG-ға бағынбайтын нәрселер болды. Ол өз мансабын ғана басқара алады", - деп мәлімдеді Леффлер.
Естеріңізге сала кетейік, Альварес IBF чемпионы атағын айырғаннан кейін Головкин өз белдігін қайтарып алуға мүмкіндік алған болатын. Ол үшін ол Деревянченкомен жұдырықтасуы керек еді.