Екі боксшы бір уақытта нокдаунға түсті (видео)

31 июля, 19:03
0 1

Рефери Сальвадор Сальва Родригес өзі қызмет көрсеткен жекпе-жектің видеосын жариялады. Онда екі боксшы бір уақытта нокдаун алып қалды.

Сенбі, 27 шілде күні екінші ең жеңіл салмақ дәрежесі бойынша WBA Fedecaribe титулы үшін жекпе-жек өткен болатын. Шаршы алаңда доминикан Уильям Энкарнасьон (18-0, 15 КО) мен никарагуалық Джованни Гутьеррес (7-0, 5 КО) кездесті. Үшінші раунда "double knockdown" болды. Боксшылар бір уақытта соққы жасап, бір-бірін нокдаунға түсірді, деп хабарлайды Sports.kz.

"Рефери болғалы алғаш рет қос нокдаунды көріп отырмын", - деп жазды Родригес өзінің әлеуметтік желісінде.

sputnik