Спарринг кезінде ауыр соққы алған боксшы жансақтау бөліміне түсті

30 июля, 12:13
0 1

Бокстан әлем чемпионы болған мексикалық Хосе Луиса Кастильоның ұлы Кристиан Кастильо (1-0, 1 КО) спаррин-сессиясы кезінде алған жарақатының салдарынан ауыр халде жансақтау бөліміне түскен, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ESPN Deportes мәліметінше, Кристиан кәсіпқой бокстағы екінші кездесуіне дайындалу үшін жаттығу лагерінде жүрген. Ол бір соққы жіберіп, өзін жайсыз сезінген. Содан кейін ол есінен танып қалған: Жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетіп, онда оған дереу ота жасалған.

Әкесі, Хосе Луис Кастильоның (66-13-1, 57 KO) айтуынша, ота сәтті өткен, алайда оның бауыры жұмыс істеуін тоқтатып, өкпесі қабына бастаған.

Соңғы уақытта екі боксшы шаршы алаңда соққы салдарынан көз жұмды, олар: ресейлік Максим Дадашев пен аргентиналық Уго Сантильян.