21 жастағы Ғалым Шағатай Мәскеуде жекпе-жек өткізеді

21 июля, 00:02
0 1

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ғалым Шағатай (2-0, 2 КО) Мәскеуде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды   ҚазАқпарат Қазақстан кәсіпқой бокс парақшасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметке сүйенсек, 24 шілде күні Мәскеуде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Онда бірқатар отандық спортшылар өнер көрсетеді. Олардың арасында 21 жастағы Ғалым Шағатай да бар.

Бірінші орта салмақтағы қазақ баласы жергілікті боксшымен жұдырықтасады. Ғалым Шағатай кәсіпқой бокс рингінде екі рет жеңіске жеткен. Қос қарсыласын да нокаутпен жеңді.

Қазақстандық спортшы Tukeshov boxing промоутерлік компаниясының атынан шығады.