Қазақстандық боксшы "Канелоның" промоутерлерімен келісім шартқа отырды

11 июля, 16:10
0 1

Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев танымал отандасы Геннадий Головкиннің командасынан кеткеннен кейін, Сауль "Канело" Альварестің промоутерлерімен келісім шартқа қол қойған деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отандық спортшы алты салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Оскар Де Ла Хойя негізін қалаған Golden Boy Promotions америкалық промоутерлік компанияға қосылған.

Айта кетерлігі, қарағандылық боксшы Golden Boy Promotions ұйымының посткеңестік кеңістіктен шыққан алғашқы клиенті.

Мадиев жаңа промоутердің қолдауымен өзінің алғашқы жекпе-жегін Калифорния штатындағы Карсон қаласында Dignity Health Sports Park аренасында өткізеді.

Қазақстандық 32 жастағы филиппиндік боксшы Рикки Сисмундоға қарсы шықпақ.