Шыға салып нокаутқа жіберді: Қанат Ислам доминикандық қарсыласын жеңді (видео)

06 июля, 09:31
0 1

 Қазақстандық боксшы Қанат Ислам доминикандық қарсыласы Хулио де Хесусті жекпе-жектің бірінші раундының 10-секундында нокаутқа жіберді. Ол орта салмақ дәрежесінде WBO Inter-Continental белдігінің иесі атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жек Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтті.

Қанат Ислам жекпе-жекті белсенділікпен бастап, қарсыласына қорғаныс амалдары мен шабуыл жасауға мүмкіндік бермеді деуге болады. Ол алғашқы раундтың 10-секундында-ақ қарсыласын сұлатып түсірді.

Айта кетсек, жекпе-жек жалпы саны 14-секундқа созылды.

Бұл Қанат Исламның 26-ншы жеңісі. Ал 27 жеңіске жеткен доминикандық боксшы екінші рет жеңіліс тауып отыр.

https://www.instagram.com/p/Bziy1_enhJz/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Stan.kz