Әлімханұлы Головкин салмағындағы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

01 июля, 11:25
0 1

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадені (28-0, 17 KO) жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кеше Андраде польшалық Мацей Сулецкиді (28-2, 11 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, титулын қорғап қалды. Жекпе-жектен кейін амеркиалық боксшы қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (52-1-2, 35 КО) жұдырықтасуға шақырды.

"Деметриус, сен үздіктермен жұдырықтасқың келетінін естідім? Кел, жекпе-жек өткізейік. Егер рейтингке алаңдасаң, оған уайым жеме. Мен WBO рейтингінің Топ-15 тізіміндемін. Белбеулерімді сенікіне ауыстырғым келеді. Қазақ стилі - әлемдегі бірінші", - деп жазыпты Әлімханұлы твиттер желісінде.