Головкинге WBC міндеттеген қарсылас батыл мәлімдеме жасады

06 ноября, 14:33
0 1

"Канеломен" жұдырықтасу үшін GGG оны жеңу керек.

Орта салмақта WBC regular чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) өзін көрсе боғланы орта дивизион жұлдыздары шақырым жерден тығыла бастайтынын айтады, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Жас болғандықтан дивизионда менен қашатындар көп. Асау әрі "ашпын". Бәрі басып келе жатқан пойызды көріп, жолдан қашады. Бізді ешкім тоқтата алмайды. Қашпаса барлық ірі жекпе-жектер ұйымдастырылған болар еді. Мақсатым белбеуі бар кез келген чемпионға шабуыл, белбеулерді жинап, дивизионда басым болу", - деп келтіреді 28 жастағы америкалықтың сөзін BoxingScene.

22 желтоқсанда Джермалл отандасы кіші Вилли Монромен (23-3, 6 КО) жұдырықтасады. Чарло өзінің жеңісіне сенімді көрінеді.

"Тап қазір Дэниел Джейкобспен (орта салмақта IBF чемпионы) жұдырықтасқым келеді. Алдымен Монроны жіліктеп алайын, сосын Джейкобсты ойластырармыз", - деп өзін түзеп қойды Чарло.

vesti.kz