Танымал қазақ боксшы пицца таситын жігіттен жеңіліп қалды (видео)

05 ноября, 21:48
0 1

Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ол пуэрторикалық Никлаус Флаусқа есе жіберген деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сегіз раундқа созылған жекпе-жекте пуэрторикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңімпаз атанды. Бұған дейін жеңіліп көрмеген Сағадат Рахманқұлов төртінші раундта қарсыласынан нокдаун алып қалған.

Алайда, келесі раундта қазақ боксшысы да қарсыласын нокдаунға жіберген. Дегенмен, бұны төреші есепке алмады.

Айта кетейік, Сағадат Рахманқұлов үшін бұл мансабындағы алғашқы жеңіліс болса, Никлаус Флаус алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Сонымен қатар espabox.com сайтының тілшісі пуэрторикалық боксшының пицца тасушы болып қызмет ететінін де жазған.

"Екі боксшы да нокдаун алып, жерге құлады. Алайда, пицца тасушысы болып қызмет ететін Флаус соңғы раундтарда Сағадатқа ауыр соққыларды жаудырып, жеңіске жетті" , - деп жазған Джулиус Джулианис.