Сондерс Головкин-Альварес қарымтасына болжам жасады. "Канело" допингке сенген алаяқ"

12 июля, 12:31
0 1

Орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымтаға қатысты болжамын айтты.

Боксшылардың қарымтасы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді және HBO арнасында ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетіледі.

"Алғашқы жекпе-жекте Головкин жеңгені анық, екіншісінде де ұпай саныман жеңіске жетеді деген ойдамын. "Канело" допингке сенген алаяқ екенін білемін. Оның жанкүйері болатынмын, бірақ, даудан кейін ол менің және бүкіл бокс әлемінің сый-құрметінен айырылды. Ал оны ешқашан қайтара алмайсың. Ол сол күйі допинг читері болып қалады. Ұяттан қысылсын", - дейді Сондерс World Boxing News басылымына берген сұхбатында.

Сонымен бірге Сондерс Головкиннің артынан жүгіре шаршағанын және мұнысын доғаратынын айтты. Британиялықтың айтуынша, қазақстандық онымен жұдырықтасқысы келмейді. 

vesti.kz