«Немо» дельфинарийінің басшысы қайырымдылық акциясы үшін марапатталды

12 июля, 11:33
0 1

Алматы қаласында «Балаларға жазғы сыйлайық» акциясының аясында 40-тан астам мүмкіндігі шектеулі балаға «Немо» дельфинарийінің қойылымына тегін билет берілді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Қойылым балаларға ұнады. Өйткені дельфиндер мен теңіз мысықтарының қатысуымен өткен шоу өте қызықты болды. Балалар әр ойынды көрген сайын қуаныштарын жасыра алмай беріле тамашалап, бір серпіліп қалды.
Бұл қайырымдылық акциясы аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету мақсатында жұмыс істейді.

Мамандардың айтуына қарағанда дльфинмен емдеу әдісі – жүйке жүйесі ауыратын балаларды психологиялық оңалту үшін таптырмас ем екен. Дельфиннің қатысуымен болатын ем-шара ауруға шалдыққан адамның денсаулығына пайдалы екендігі ғылыми зерттеулер арқылы әлдеқашан дәлелденген. Дельфинотерапия бала ақыл-есінің дамуын жетілдіріп, сөйлеу қабілетін дамытады және қозғалыс дағдыларын қалыптастырып қимылын жақсартады.
Міне осындай пайдалы жақтарын ескерсек, балаларға дельфиндердің қатысуымен болған шоу қойылымдардың да тигізер пайдасы бар деуге болады.
Осындай ізгі іс атқарып, қайырымдылық қызметіне қосқан үлесі үшін үшін «Немо» дельфинарийінің басшысы Алматы қаласындағы Наурызбай ауданы әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.

Бұндай шаралар, акциялар қаламыздағы халықтар достығы мен татулығын нығайтып, адамдардың бір-біріне деген құрметін арттыра түсері сөзсіз.

Нұрлы Еділов