БҚО-да мектеп директоры пара алды деп күдікке ілінді

04 октября, 12:33
0 1

Батыс Қазақстандағы мектептердің бірінің директоры 300 мың теңге пара алды деп айыпталуда деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, Теректі ауданындағы Подстепный орта мектебінің басшысы 300 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алды деп күдіктелуде.

Бұл ақшаға директор өзінен көмек сұраған адамды педагог-психолог қызметіне орналастыруға уәде берген.

Күдікті өз кінәсін мойындап, сотқа дейінгі тергеудің жедел тәртібін қолдану туралы өтініш бергені атап өтілді.