Ұстаз туралы ұлағатты сөздер

01 октября, 23:07
0 1

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі

Ыбырай Алтынсарин

Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады

Абай Құнанбаев

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін

Серке Қожамқұлов

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз

Ыбырай Жақаев

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс

Ыбырай Алтынсарин

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым

Александр Македонский

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі

К. Д. Ушинский

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім

Ғ. Мүсірепов

Ұстаз – ұлы есім

Мұхтар Әуезов

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы Халық даналығы Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Әл-Фараби