"Бұл маструбацияның дәл өзі": Ұлыбританияда бірінші сынып оқушыларына әурет жерін ұстауды үйретпек

24 сентября, 19:47
0 1

Ұлыбританияның Уорикшир графтығында бастауыш мектеп оқушыларына әурет жерін ұстауды үйретпек.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, келесі жылдан бастап пилоттық баңдарлама графтықтағы 241 бастауыш мектепте міндетті болады. All about me (Мен туралы) аталатын бағдарлама аясында мұғалімдерге 6-10 жас аралығындағы балаларға «көп адамға өзін қытықтап, сипау ұнайды, себебі ол жағымды» деген пайымды түсіндіру ұсынылып отыр. Сонымен қатар оқушыларға өзінің әурет жерін де «қытықтап, сипауға болатынын», мұндай әрекетті өзгелер оғаш деп санаса да, оның қалыпты нәрсе екенін түсіндіруі қажет. Десе де педагогтар оқушыларға мұндай әрекетті душ, ванна немесе төсекте, бастысы, адамдардың назарынан тыс жерде жасауға болатынын ұғындыруы тиіс.

Алайда бұл бағдарлама көптеген ата-ананың наразылығын тудырды.

«Әйелім бұл туралы алғаш рет оқып, жылап жіберді. Балаларымызды сексуалдандыруға жол бермеуіміз керек. Олар мұны «өзін ұстап көру» деп атайды. Алайда бұл – маструбацияның дәл өзі», - дейді мектеп оқушыларының бірінің әкесі Мэтью Сеймур.

Гарфтық билігі өз кезегінде аталған бағдарламада балалардың жасы мен даму деңгейі ескеріліп, соған сәйкес әзірленгенін айтты.

«Кейбірі бұл материалдарды шектен шыққандық деп қабылдауы мүмкін. Алайда біз балалар сөз болып отырған маңызды әрі жиі ескеріле бермейтін құбылыс туралы нақты ақпарат алуы керек», - делінеді графтық мәлімдемесінде.

Бастапқыда бағдарламаны қолдаған саясаткерлердің кейбірі оның нәтижесімен танысқаннан кейін, бағдарламаны сынға алып, қайта қарастырылады деп уәде етіп отыр.