Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

01 августа, 10:27
0 1

Қазақстан білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу нәтижесін жариялады.

Жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 53 755 грантты құрап отыр. Магистрлерді даярлауға 12 984 грант, PhD докторларына 2 312 грант бөлінді.

2019 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімін мына жерден көруге болады (drive.google.com/file/d/1B8gR8f-GnoDZdWWOlqkxV6IJoD1m-Yf5/view).

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі гранттарды үлестіру рәсімі автоматтандырылғанын, соның арқасында адам факторы толығымен жойылғанын мәлімдеген болатын.

Республикалық комиссияның құрамына мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындары қауымдастығы, ректорлар кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары, "Жас Отан" жастар қанаты, Студенттер альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, "ADAL BILIM" жобалық кеңсесінің өкілдері кірді.

Ведомство сондай-ақ 2019 жылдан бастап гранттар білім беру топтары бойынша тағайындалатынын атап өтті. Яғни әр талапкер оқуға түсер кезде нақты білім беру бағдарламасын таңдайды.