Жоғарғы оқу орнына түсе алмаған түлектерге тағы бір мүмкіндік берілмек

24 июля, 16:42
0 1

Оқуға түсе алмай қалған мектеп түлектері тамыз айында Ұлттық бірыңғай тестті қайта тапсыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, өтініштер жоғарғы оқу орындарында 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады.

"Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға қабылдау үшін 2019 жылғы 17 мен 20 тамыз аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, тесттілеу ақылы түрде өтеді. Бағасы 2242 теңгені құрайды.