Тоқаев университет ректорларын тағайындау жүйесін өзгертті

17 июля, 14:58
0 1

ҚР Президенті ұлттық университеттердің ректорларын тағайындаудың ескі тәртібін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкіметтің қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды президенттің жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды, - делінеді Президенттің Twitter-інде.