Қорғаныс министрлігі әскери қоян-қолтық ұрыстан Елбасы кубогін жеңді (фото)

02 декабря, 12:16
0 1

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордадағы "Жекпе-жек" сарайыында қоян-қолтық және әскери қоян-қолтық ұрыстан V халықаралық турнир өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кубогі үшін Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан барлығы 409 спортшы бақ сынады. Олардың ішінде әлем, Азия және Еуропа чемпиондары, 20-дан астам халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 70-тен астам ҚР спорт шебері және бірнеше жүзден астам кандидат бар.

Турнирдің жабылу салтанатына премьер-министр Асқар Мамин, қорғаныс министрі – Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдстығының төрағасы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев, халықаралық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті Сергей Астахов, Парламент депутаттары, министрліктер мен күштік құрылым басшылары және басқалар қатысты.

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте

Әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша жалпыкомандалық есепте ҚР Қорғаныс министрлігінің құрама командасы үздік деп танылды, екінші орынға "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының спортшылары ие болса, үшінші орынды ҚР Ішкі істер министрлігі мен Өзбекстан құрама командасы бөлісті.

Қоян-қолтық ұрыс бойынша ерлер арасындағы жеке біріншілікте ең үздік деп танылғандар: 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде – Жандос Мадехиянов (ҚР ҚМ), 60 келіге дейін – Бауыржан Сұлтанов (ҚР ҰҰ), 65 келіге дейін – Шыңғыс Жанғазы (ҚР ҰҚК), 70 келіге дейін – Данияр Қойшыбек (Айбын), 75 келіге дейін – Айдын Төлепбаев (ҚР ІІМ), 80 келіге дейін – Магомед Кабардиев (Ресей), 85 келіге дейін – Демей Бексұлтан (ҚР ҰҚК), 90 кедіге дейін – Мирас Шынтасов (Атырау облысы), 90 келі салмақ дәрежесінен жоғары – Жеңіс Ердәулет ие болды (ІІМ қсқб).

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте

Қоян-қолтық ұрыстан қыздар арасында: 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Томирис Жүсіпова (Ақмола облысы), 55 келіге дейін – Зинаида Белоусова (ҚР ҚМ), 60 келіге дейін – Регина Максимова (ҚР ҚМ), 65 келіге дейін – Сора Рахмонова (ҚР ҚМ), 70 келіге дейін – Талшын Жұматаева (ҚР ҚМ), 75 келіге дейін – Күндиас Сағындықова ("Запад" РгК), 75 келіден астам салмақ дәрежесінде – Умида Садықова (ҚР ҚМ).

Аталған турнирде бірінші орынға "спорт шебері" атағы беріледі. Тұрақты түрде ұйымдастырылып отыратын турнирдің биылғы жалпы жүлде қоры 8 млн теңгені құрайды.