Қазақстанда Нұрсұлтан есімді қанша қыз бала бар?

02 декабря, 11:54
0 1

Биыл елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің есімі қанша балаға қойылды? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап жазады.  

сәби

Елорда Инфо редакциясының ресми сұрауына сәйкес ҰЭМ Статистика комитеті Қазақстанда Елбасының 18 076 аттасы барын мәлім етті. Оның ішінде 1 617-сі Нұр-Сұлтанда тұрады.

Белгілі болғандай, 2019 жылы 41 шақалақты Нұрсұлтан деп атапты. 2015 жылы 205 бүлдіршінге Нұрсұлтан есімі қойылған екен. Бірақ соңғы бес жылда Тұңғыш Президенттің аттасы күрт азайған. Бұған шамасы Елбасының 2015 жылдың 29 сәуіріндегі инауграциясы себеп болған көрінеді. 

2016 жылы туған балалардың 136-сына ғана Нұрсұлтан аты қойлған. 2017 жылы – 104,  2018 жылы – 67. 

Ал ел астанасының атауы өзгертілгелі бері Нұрсұлтандардың қатары 28 адамға көбейген.

Қазір әлемде өз балаларына ерекше есім беру, немесе қосарланған ат қою жаңа үрдіске айналып барады. Ал ұл балаға да, қыз балаға да келетін есімдер ешқашан ескірмейді. Мысалға алар болсақ, ұл балаларда Әйгерім, Салтанат есімдері кездесіп жатса, Арман, Бағдат, Жанат секілді аттар қыз балаларға да қойылады.

Бір қызығы, Қазақстанда қыздарға да Елбасының аты қойылыпты. Республикамызда бес Нұрсұлтан және екі Нұрсұлтан есімді қыз бар.

Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, Қазақстанда аты-жөні Нұрсұлтан Назарбаев болып жазылған 56 адам тұрады.