Атырауда баланың дүниеге келгенін жол үстінде тойлатқан бақытты әкеге айыппұл салынатын болды

02 декабря, 11:49
0 1

Әйелі мен баласын перзентханадан шығарып алған ер адам жол үстінде "ВАЗ(Lada)21099" және "Lada priora" көліктерімен түрлі қозғалыс жасаған. Сол үшін оған айыппұл салынатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

көлік

Атырау облыстық полиция департаментінің айтуынша, бұл жол жүрі ережесін бұзу күдігін тудырған.

Әке болған ер адам мен оның жолдасы мінген автокөлік Атыраудағы жол үстіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Көліктің ішіндегілер белбеу тақпағаны да камераға түсіп қалған. 

«Рөлдегі ер адамның жүріп бара жатқан көліктің есігін ашып, тізгінді жібергені Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлерін бей-жай қалдырмады. Экипаж жол ережесін бұзушыларға бірден жіберілді», – дейді полиция. 

Полиция басқармасына әке болған ер адам өзінің бұл қылығын түсіндірді. Ол бақыттан осылай жасаған екен. Көлікті дұрыс қолданбау салондағы жолаушылар мен өзіне де қауіпті екенін айтқан полиция олардың үстінен бес хаттама толтырды.