Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған сәбиді тірілтіп алды

08 ноября, 23:11
0 1

Шымкентте жүрегі тоқтап қалған 26 күндік нәрестені дәрігерлер аман алып қалды. Сәбидің ата-анасы жедел жәрдемге қоңырау шалып, көмек сұраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай анасы 26 күндік сәбиіне аскөк суын берген. Суды іше алмаған сәбиі бірден шашалып, бет аузы көгере бастаған.

Нәрестесінің жағдайы нашарлағанын көріп зәресі ұшқан келіншек бірден 103-ге хабарласқан.

Оқиға орнына тоғыз минутта жеткен жедел жәрдем бригадасы сәбидің тыныс алмай жатқанын көрген.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің тірі екенін білдіретін белгілері байқалмаған. Ақ халаттылар бірден реанимациялық шараларды жасауға кірісіп, баланың өкпесін судан тазартып, жасанды тыныс алдыру әрекетін жасаған.

3 минут өткеннен кейін сәбидің жүрек соғысы пайда болып, тынысы қалпына келген.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазір шақалақтың жағдайы жақсы. Бір екі күннен кейін сәби мен анасын үйіне шығарылмақ.