Алматыда бас шыршаның шырағы қашан жағылады

08 ноября, 20:36
0 1

Алматы Жаңа жыл мерекесіне дайындықты бастап кетті. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрмашевтың сөзінше, қазір жаңажылдық безендіру қолға алынған.

"Бірыңғай брендбук әзірледік. Бұл - техникалық құжат. Оны безендірумен айналысатын компанияларға таратып береміз. Біз қаланың шалғай аудандарын да сәндейміз", - дейді Ернар Құрмашев қоғамдық кеңестің отырысында.

Оның айтуынша, биыл мегополис көшелері арнайы дизайн бойынша әрленбек.

"Мерекелік алаңдарға келетін болсақ, мұнда полиорталықтандыру қарастырылған. 8 алаң болады. Барлығына жасыл шырша орнатамыз. Мерекелік шоу-бағдарламаны да ойластырып қойдық. Ең үлкен шыршаны "Астана" алаңына орнатамыз. Шыршаның шырағын жағу рәсімі 18 желтоқсанға жоспарланған", - дейді Алматы қалалық мәдениет басқармасының бастығы Ернар Құрмашев.