Наурызбай ауданында шағын сел жүрді

14 августа, 10:38
0 1

2019 жылдың 14 тамызында Наурызбай ауданында шағын сел жүрді. Халық хабардар етілді,  Зардап шеккендерді жинайтын пункт пен эвакуациялау пункттері анықталды. Энергетика қызметтеріне жарық пен газды өшіруге бұйрық берілді. Ескерту, халықты шығарамыз. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзені арнасының төменгі аймақтары, яғни Әуезов және Алатау аудандарының тұрғындарына хабар беруде. Қаланың барлық қызметтері жұмылдырылды. Жақын маңдағы елді-мекендерге төнер қауіп жоқ.

Эвакуациялық пункттер:
1. Ескі әкімдік. Жандосов-Рыскулав.
2.Шахмерденовадағы 175 мектеп
3. 158 мектеп. Жандосов-Яссауи

"2019 жылдың 14 тамыз күні Наурызбай ауданында шағын көлемде сел жүрді. Халықты хабарландырып үлгердік. Зардап шеккендерді жинау және эвакуациялық орындар белгіленді. Энергетика қызметіне жарық пен газды өшіру туралы тапсырма берілді. Халықты ескертіп шығарып жатырмыз. Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзенінің арнасымен төмен орналасқан Әуезов және Алатау аудандарында тұратын халыққа хабар таратуда. Қаланың барлық қызметтері жұмылдырылды, жақын маңда орналасқан елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді Қарғалы бөгетінен ТЖД бастығы.