Нұр-Сұлтан мен бес облыста ескерту жарияланды

13 августа, 21:26
0 1

Бірнеше өңірде қатты жел тұрып, найзағай жарқылдайды, дауыл соғуы мүмкін. Синоптиктер Қазақстанның бес облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады.

"Қазгидромет" метеоқызметінің болжамына сәйкес, 14-15 тамызда Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл соғуы ықтимал, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с, 15 тамызда күндіз 25 м/с-қа дейін ұйытқиды.

Көкшетау қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласында 14-15 тамызда найзағай ойнайды. Күндіз 15 тамызда бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында 14 тамызда тәулік бойы кей жерде найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғып, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында 14 тамызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні кей жерде 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз кей жерде шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысында 14 тамызда кей жерде найзағай ойнап, батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз кей жерде бұршақ түсуі ықтимал.

Маңғыстау облысында 14 тамызда кей жерде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл соғуы ықтимал.