Алматы қаласы әкімінің орынбасары ауысты

11 июля, 12:02
0 1

Президент әкімшілігімен келісе отырып Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Сапарбек Тұяқбаев тағайындалды, деп хабарлады қала әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Ол басқа қызметке ауысуына байланысты жұмысынан босатылған Марат Сембековтің орнына келді.

Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы дүниеге келген. 2001 жылы Түркиядағы Таяу Шығыс техникалық университетін, 2004 жылы Канададағы Торонто университетін тәмамдады.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде, президент әкімшілігінде түрлі қызмет атқарды.

2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. Инвестиция, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік мәселелерімен айналысты.

Тағы оқыңыз: Тасмағамбетов пен Сағынтаев Алматыда кездесті

2016 жылдың қазан айынан бастап Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы.

2017 жылдың қараша айынан бастап "Kazakh Invest" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болды.

2019 жылдың 11 шілдесінен Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Sputnik