Алдағы уақытта елімізде толассыз жаңбыр жауады деп күтілеуде

12 июня, 19:52
0 1

РМК "Қазгидромет" мамандары 13-15 маусым аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте

Cиноптиктердің мәліметінше, жоғарғы барикалық жырамен солтүстік теңіздерден ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасатындықтан ауа райында өзгеріс күтілмейді.

"Қазақстанның көптеген облыстарының кей жерлерінде алдағы үш тәулікте найзағаймен жаңбыр және екпінді жел, сонымен қатар күндізгі сағаттарда бұршақ күтіледі", - деді мамандар.

Олар ауа температурасының қысқа мерзімге жоғарылауынан кейін қайта төмендеуі күтілетінін, республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болатынын атап өтті.

Синоптиктер тек Маңғыстау облысында ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін жеткізді.

Ауа райын болжаушылар еліміздің бірқатар аймақтарында дабылды ескерту жариялағанын да атап өтті.

13 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында тұман, найзағай, дауыл болады. Желдің екпіні түнде 15-20 м/с болса, күндіз 25 м/с жетеді.

Петропавл қаласында найзағай, дауыл күтіледі.

Бейсенбі күні күндіз Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Аймақта желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с дейін жетіп, найзағай, бұршақ күтіледі.