Алматыда конькимен сырғанауды қай жерде тегін үйренуге болады?

13 января, 14:41
0 1

 Алматыда коньки және шаңғы тебуді тегін үйренуге болады деп мәлімдейді ақпараттық және спорттық хаб.

14 қаңтарда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары басталады. Тәжірибелі нұсқаушылар сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін «Март» сауда орталығы және Дубок ықшам ауданындағы Центральная көшесі 8 г-да орналасқан тегін мұз айдындарына келген коньки тебушілерді тегін үйретуге әзір.

Сонымен қатар, 15 қаңтардан бастап 1-11-сынып оқушыларын шаңғы тебумен тегін үйрету сабақтары өтеді.

Оқыту сабағының уақыты бес күнге созылады. Күніне 1 сағат (дүйсенбі-жұма). Керек жабдықтар қосымша тегін беріледі.

Әр топта 10 баладан дайындалады. Өтетін орындары мен басталуы: «PIONEER» (біріңші ауысым 10:00-де және екінші ауысым 16:00-де), «Шымбұлақ» (10:00 және 16:00) және «Звездная поляна» (09:30-дан 17:30-ға дейін).

Айта кету керек тегін сабақтар «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатыр. Ол – қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

ҚазАқпарат.



Пікірлерді көрсету (0)