Синоптиктер алдағы үш күнде аяз болатынын айтты

13 января, 09:54
0 1

 Алдағы үш тәулікте еліміздің көп бөлігінде күн суытады. Оған Ресейдің еуропалық аймағынан келе жатқан антициклон себеп.

Ал еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірінде қар жауады деп күтіліп отыр. Әсіресе таулы аймақтарға көптеп ақ ұлпа түседі.

Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

– Астана қаласында 13-қаңтарда түнде және таңертең аздаған қар жауады және жаяу бұрқасын сақталады. Ал 14-15 қаңтарда жауын-шашынсыз және желсіз ауа-райын күтеміз.

Ауа температурасы үш күн бойы түнгі сағаттарда -19, -25, ал күндіз -18, -20 градус аяз болады.

Алматы қаласында 13 қаңтар күні жауын-шашынсыз ауа-райын күтеміз. Және де түнде тұман болуы мүмкін. Ал 14-15 қаңтар күндері кей уақытта қар жауады.

kaz.365info.kz