Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды

15 қаңтар, 16:39
657

Барлық қиындыққа қарамастан, Үкімет өз жұмысын жақсы атқарды.

 Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді, хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты. Онда Президент Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминді ұсынған болатын. Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осыған дейін «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Үкімет басшысының кандидатурасына қатысты пікір білдірді. 

«Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан, Үкімет өз жұмысын жақсы атқарды. Басқа елдерге қарағанда біз жаман нәтиже көрсеткен жоқпыз. Егер Президент Асқар Ұзақбайұлы Маминді ұсынса, онда мен фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.