Дариға Назарбаева мәжілісте немен айналысады

15 қаңтар, 14:19
996

Азат Перуашев, Дариға Назарбаева, Жамбыл Ахметбеков және тағы 11 депутат экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде жұмыс істейді. Мәжілістің жетінші шақырылымының депутаты Дариға Назарбаева экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл комитетті депутат Альберт Рау басқарады. Комитет құрамына 14 депутат кірді. Олардың арасында "Ақ жол " партиясының төрағасы Азат Перуашев, Дариға Назарбаева, Жамбыл Ахметбеков бар.

Оқи отырыңыз: Парламент мәжілісінің төрағасы сайланды 

Айта кетейік, бұған дейін депутаттар жеті шақырылымда барлық жеті комитеттің саны мен атауын өзгеріссіз қалдыруға дауыс берді.

Дариға Назарбаеваның өмірбаяны
Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Әкесі &ndash Нұрсұлтан Назарбаев, анасы &ndash Сара Назарбаева. Бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтен Нұрәлі, Айсұлтан есімді ұлдары мен Венера есімді қызы бар.

Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде білім алған. 1985 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1990 жылы Мәскеу университетінің аспирантурасына түскен, ал 1991 жылы тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң, "саясат ғылымдарының докторы" ғылыми атағын алған.

Ол 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламенттің жоғары палатасының депутаты болды. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін сенат төрағасы қызметін атқарды.

Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, неміс тілін біледі