Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр.. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясының ашылуында айтты.
 
«Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл &ndash сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу. Жалпы, еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек.», - деді ҚР Президенті.
 
Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты.
 
 Отырысқа Сенаттың 49 депутатының 42-сі, Мәжілістің 107-і депутатының 99-ы қатысып отыр.