Тоқаев Үкіметтің отставкасына қатысты қаулыға қол қойды

15 қаңтар, 10:27
418

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулыға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев


BAQ.KZ