Назарбаев болашақ Премьер-министрдің кандидатурасы туралы сөз қозғады

14 қаңтар, 22:48
484

Nur Otan партиясының төрағасы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты. Елбасы болашақ Премьер-министрдің кандидатурасына қатысты сөз қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындықтарға қарамастан, Үкімет өз жұмысын қалтқысыз атқара алды. Барлық басқа елдермен салыстырғанда біздің нәтижелер - жалпы жаман емес. Егер Президент Асқар Ұзақпаұлының кандидатурасын ұсынып жатса, онда мен фракциядан оны қолдауларын сұраймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.