Алик Шпекбаев отставкаға кетуі керек 14 шенеунік туралы айтты

14 қаңтар, 17:02
445

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев 14 шенеунік қарамағындағылар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін отставкаға кетуі керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Заңға сәйкес бақыланатын 14 ада саяси шенеунік болса, басшылар отставкаға кетуі керек. Бұл міндетті. Мемлекет басшысы отставканы қабылдай ма, жоқ па - ол өз еркінде", - деді Шпекбаев.

 2020 жылдың қазан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тоғыз саяси шенеунік қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін жұмыстан кеткенін, жауапсыздыққа түрлі деңгейдегі 34 басшының қатысы бар екенін хабарлады. Тағы 14 саяси шенеунік отставкаға кетеді деп күтілуде.

Stan.kz