АҚШ Ресейді Қытайға қарсы одақ құруға шақырды

01 тамыз, 12:36
0 1

Кремль АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпеоның АҚШ пен Ресейдің Қытайға қарсы бірлесіп жұмыс жасауы туралы ұсынысын қабылдамады.

 

Ресей президенті Владимир Путиннің өкілі Мәскеу мен Бейжің «ерекше серіктестік байланыс» орнатқанын айтты. АҚШ-Қытай сауда соғысы басталғаннан бері, әсіресе жаһандық індеттен кейін Трамп әкімшілігі Қытай сауда, технология және әскери мәселелер бойынша АҚШ-қа қауіп төндіреді деп санайды.

 

Осы айдың басында АҚШ Федералды Барлау Агенттігінің жетекшісі де Қытайды Құрама Штаттарға ең үлкен қауіп төндіруші деп атады.

 

Financial Times басылымы АҚШ-тың Ресейді қарым-қатынасты жақсартуға шақырып жатқанын жазуда. Алайда, өткен аптада Құрама Штат билігі Ресей мен Қытайға қарсы одақ құру туралы мәлімдеме жасаған болатын.

 

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песков өткен аптада Ресейдің басқа елдерге қарсы одақтарға қосылмайтындығын, барлық ресейлік саяси одақтардың «тату көршілік және өзара тиімді қатынастарды дамыту» үшін екенін айтқан.

Ол сонымен бірге Ресей мен Қытайдың «тату көршілік, серіктестік» байланысы бар екенін баса айтқан болатын.

 

Осы айдың басында Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы Ресейдің немесе басқа елдердің мүддесіне сәйкес келмейтінін жеткізген. Ол Бейжің мен Уашингтон ара-қатынасы дипломатиялық арналар арқылы шешім табуын үміт еткен.

 

Құрама Штаттардың одақ "Қытайға қарсы одақ" туралы ұсынысы Мәскеу жағынан қолдау таппады. Ресей мен Қытайдың көп саладағы қарым-қатынасы тығыз.

 

Президент Путин өз мәлімдемелерінде АҚШ-Қытай қайшылығында бейтарап қалу ұстанымын сөз емеурінімен білдіріп келеді.

 

qazaqtimes.com